Ер адам жуынбайтын әйелін сотқа беріп, ажыраспақ

08 қазан 2021, 15:24

Үндістанда сирек жуынатын әйелінен жиіркенген азамат ақыры ажырасуға шешім қабылдады деп жазады odditycentral.com басылымы.

 

Уттар-Прадеште тұратын ерлі-зайыптының ажырасу туралы ісі талайды таң қалдырып отыр.

 

Себебі, жарымен ажырасуды қалаған азамат мұндай шешімге келуіне әйелінің сирек жуынуы әсер еткенін айтып, шағымданған.

 

Ер адамның сөзіне сенсек, ол әйелінен жуынып тұруды сан мәрте рет өтініпті. Алайда өтінішіне құлақ аспайтын жары жуыну туралы сөз қозғалған сайын жанжал шығарады екен.

 

Ортақ бір жасар баласы барын алға тартқан әйелі ажырасуға келіспейтінін кесіп айтқан.

 

Ол тіпті ажырасуды болдырмау үшін әйелдердің құқықтарын қорғайтын жергілікті ұйымның көмегіне жүгініп отыр.

 

Ұйым мүшелері ерлі-зайыптыны татуластыруға тырысып жатқанын, алайда ер адам райынан қайтпаса, олардың ажырасуына кедергі келтіру мүмкін еместігін айтады.

 

Себебі, әйелімен бірге тұратын күйеуі одан тазалықты ғана талап етіп отыр және оның талабын көпшілік орынды деп санайды екен.

 

Жуынуды ұнатпайтын әйел болса әзірге күйеуінің талабын орындауға асықпайды.

 

 

 

kaz.nur.kz