Ер адам көшеде бір топ әйелмен төбелесті (видео)

12 қазан 2021, 01:54

Әлеуметтік желіде пайда болған төбелес Өзбекстанның Жизақ облысында болған. Онда бір топ әйел мен ер адам төбелесіп жүр, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Бұл туралы Centralasia басылымы жазды.

 

Әлеуметтік желіде пайда болған видеодан бір топ әйел мен бір ер адамның төбелесіп жүргенін байқауға болады. Онда ер адам әйелдің шашын уыстап жұлып алады.

 

Тәртіп сақшылары оларды ажыратуға тырысқанымен, төбелесті тоқтата алмайды.

 

 

Ал жанжалдың басы төбелесіп жүрген әйелдердің бірінің баласының жамылғыға аяғын сүртунен басталған. Өзбекстанның құзырлы органдары бұл туралы әзірге ешқандай мәлімет берген жоқ.