Шартарап

Ер адам мен екі әйелден 1 бала дүниеге келді

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Грекияда әлемде алғаш рет үш ата-анадан бір бала туды.


Дәрігерлер бір ер адам мен екі әйелдің жыныс жасушасынан эмбрион алды. Эмбрионды өзге әйелге ауыстырып салды. Бала 2,9 келі салмақпен өмірге келді. Денсаулығы жақсы.


Дәрігерлердің айтуынша, бала босанған әйел бұған дейін 5 рет жасанды ұрықтандыру әдісін жасатып көрді. Оның бала көтере алмауына митохондриальді дисфункция себеп болды. Оның жұмыртқа жасушасы ұрық бөле алғанымен, ұрықтануға қауқарсыз болды.


Институт мамандары бұл әдісті испаниялық мамандармен бірлесе отырып, бес жыл бұрын жануарларға жүргізіп көрген. Бұл дегеніміз - ДНК митохондриясын ауыстырып салу дегенді білдіреді. ДНК митохондриясы донор әйелден ананың жұмыртқа жасушасына дейінгі энергияны реттейді.


Осылайша екі ата-ананың генетикалық материалын сақтайды.


Зерттеуге тағы 24 әйел қатысты. Қзаір тағы 8 эмбрион ауыстырып салуға дайын.


Көптеген сарапшылар бұл әдістің этикалық әдіске жатпайтынын, көпшілік арасында дау туғызатынын айтады. Ұлыбритания ғалымдары бұл әдісті қолдануға алғаш болып 2018 жылы рұқсат алды.


ktk.kz 




Көрілген: 839    Пікірлер: 0

жұма, 12.04.2019, 09:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31