Ер адам өзінің жерлеу рәсімі кезінде "тіріліп" кетті

02 тамыз 2021, 11:03

Ливанда жерлеу рәсімі кезінде таң қалдырарлық оқиға болды. Қоштасу кезінде көз жұмған ер адам тіріліп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Star басылымына сілтеме жасап.

Бұл оқиға видеоға түсіп қалған.

 
Мәйіттің жанында тұрғандар адамның қозғалып қатқанын байқаған. Сол сәтті туыстары мәйітті тексерген. 

Жиналғандар ер адамның қозғалғанын көргеннен кейін өз беттерінше оның жүрегіне жанама массаж жасай отырып, оны өз бетімен қайта тірілтуге тырысты. Артынша ер адамды жедел жәрдем машинасы алып кетті. Қазір ол ауруханада жатыр.