Ер адам өзінің үш баласын атып тастады

01 наурыз 2022, 15:48

АҚШ-тың Калифорния штатына қарасты Сакраменто қаласында ер адам шіркеуде төрт адамды атып өлтірді, оның үшеуі – өзінің балалары.

 

Бұл туралы Azattyq Rýhy CBS басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

 

«Үш баласын әкесі өлтірді. Артынша шіркеуде өзін-өзі атып өлтірді. Полиция сержанты Роб Грассман бесінші адамның да қаза тапқанын мәлім етті. Алайда оның сол отбасының мүшесі екені әзірге белгісіз», — делінген телеканал хабарламасында.

 

Әкесінің қолынан қаза болған балалар 15 жасқа да толмаған. Олардың бәрі оқиға орнында көз жұмды.

 

 

 

jasqazaq.kz