Ер адам цунами алып кеткен соң ашық теңізде 26 сағат жүзіп, аман қалды

22 қаңтар 2022, 17:27

Тонга мемлекетінің тұрғынын цунами ашық теңізге сүйреп әкеткен. Алайда ол 26 сағатын суда өткізіп, аман қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі NPR порталына сілтеме жасап.

Зейнеттегі 57 жастағы ағаш ұстасы Лисала Фолау 60 адам тұратын кішкентай Атала аралында тұрады. 15 қаңтар күні кешке үйін бояп жатып, інісінен аралға қарай цунами келе жатқанын естиді. Ер адам мен оның жиені апаттан аман қалу үшін ағашқа көтеріледі. 

Ер адам аяғында мәселелері бар болғандықтан қалыпты жүре алмайтын болған. 

Дауыл басылды-ау деген үмітпен олар төмен түседі. Бірақ одан соң алты метрлік үлкен толқын келіп, Фолау мен жиенін теңізге шайып алып кетеді. 

Сол сәтте оны ұлы шақырады. Алайда әкесі естісе де, оған жауап бермейді. 

"Егер мен оған жауап берсем, ол маған көмекке келуге асығады. Екеуміз де зардап шегеміз деп ойладым. Сондықтан мен жай ғана бір толқыннан екінші толқынға жүзіп жүре бердім. Жолымда ағаш кездессе, соған жабысып аламын деп үміттендім. Егер алай-бұлай болып кетсем, құтқарушылар мені тауып алады, отбасым жерлейді деп ойладым", — деді Фолау.

Осылайша ер адам Токетоке аралына дейін жүзіп барған. Ол өзінің аралына қарай бара жатқан полиция қайығын көріп, қолындағы шүберегін бұлғай бастайды. Алайда полиция тоқтамай кетіп қалады. Сөйтіп Фолау Поло аралына қарай бет алады. Жеті сағат жүзгеннен кейін Тонгатапу аралына жетеді. 7,5 шақырым жүзген соң ол отбасын ойлап, әрекетін жалғастыра береді. Тонга тұрғыны осылайша ашық теңізде 26 сағат жүзіп, жағаға жетеді. 

Ер адам жағаға шыққан соң, дереу көмек іздеуге кіріседі. Ол сол маңдағы таяқты жүру үшін пайдаланады. Осылайша өтіп бара жатқан жүргізуші Фолауға көлігіне отырғызып алып, оған отбасымен байланысуға көмектеседі. 

14 қаңтарда Хунга-Тонга-Хунга-Хаапай су астындағы жанартауының атқылауы Тонга мемлекетінде цунамидың болуына себепші болды. Апат кішкентай аралдарындағы барлық үйлерді қиратты. Билік бұл оқиғаны "бұрын-соңды болмаған оқиға" деп атады.