Шартарап

Ер адам туған күнге шақырмаған көршісінің ауласына граната лақтырған

  • Фото: Mash telegram арнасы

    Фото: Mash telegram арнасы

Ресейдегі Ставрополь аймағында отбасылық мерекені тойлау жарылыспен аяқталды. Көршілердің арасында туындаған кикілжіңнің соңында олардың бірі тұрғын үйдің ауласына граната лақтырған. Салдарынан 10-нан аса адам зардап шеккен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Туған күнде орын алған келеңсіз жайт туралы ресейлік "Интерфакс" басылымына дереккөз хабарланған, кейін бұл ақпаратты құқық қорғау органдары растаған.

 

Басылымның мәліметінше, оқиға 10 мамыр, жексенбі күні болған. Көршілерінің бірі тұрғын үйдің ауласына жарылғыш зат лақтырған кезде шамамен 20 адам туған күн тойлап жатқан болатын.

 

Mash Telegram арнасының хабарлауынша, бұл әрекеттің себебі реніш болған. Ер адам туған күн мерекесіне шақырту алмағанына ренжіп, осылайша кек алуға шешім қабылдаған.

 

Полиция күдіктіні қолға түсірді. Оған жалпыға қауіпті тәсіл арқылы екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Сонымен қатар басылымға оқиға болған аудан әкімшілігінде 15 адам жарақат алғаны хабарланған, алайда құқық қорғау органдарының мәліметінше, әртүрлі деңгейдегі жарақат алған адам саны 11.

 

 

Жергілікті денсаулық сақтау органдары хабарлағандай, жеті адам ауруханаға жеткізілді, олардың үшеуінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланған. Тағы бес адамға медициналық көмек көрсетілген, бірақ олар ауруханаға жатқызылмаған.

 

Қазіргі уақытта оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп жатыр. Еске сала кетсек, бұған дейін бүгін түнде Мәскеу маңында орналасқан жеке хосписте өрт шығып, 9 адамның қайтыс болғаны хабарлаған едік.

 




Көрілген: 645    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.05.2020, 10:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30