Шартарап

Ердоғанды диктатор ретінде сипаттаған премьер-министрдің басы дауға қалды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Италия премьер-министрі Марио Драги Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды диктатор деп сипаттағаннан кейін Түркия Италияның Леонардо компаниясынан тікұшақ сатып алуды тоқтатқан.

 

Бұл туралы La Repubblica басылымына сілтеме жасаған Lenta.ru хабарлайды.

 

Басылым атап өткендей, дипломатиялық арналар арқылы жасалған түсініктемелер Түркия үкіметінің көңілінен шықпай отыр сондықтан олар Италиядан Марио Драгидің сөздері үшін ресми түрде кешірім сұрауды талап етуде.

 

"Римнен жауап келмегендіктен, түрік билігі қауіп төндіретін белгілер бере бастады", – деп жазады La Repubblica басылымы.

 

Айт кетейік, бұған дейін Италия премьер-министрі Марио Драги Түркия басшысын диктатор ретінде сипаттаған болатын.

 

Алайда ол Ердоғанмен арада ынтымақтастықтың қажет екенін жасырмаған еді.

 

 Оның пікірінше, мұндай саясаткерлермен қарым-қатынаста дұрыс тепе-теңдік ұстану керек.

 

Осыдан кейін Италияның Анкарадағы елшісі Массимо Гаяни Түркия сыртқы істер министрлігіне шақырылып, одан премьер-министрдің мәлімдемесін түсіндіруді сұраған.

 

Өз кезегінде Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Драгидің мәлімдемесін сынға алып, Ердоғанды халық сайлағаннан кейін қызметіне кіріскенін баса айтты.

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 1246    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.04.2021, 11:42

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31