Шартарап

Ерекше көрікті автобус жүргізушісі жолаушылардың таңданысын тудырды (фото)

  • Ерекше көрікті автобус жүргізушісі жолаушылардың таңданысын тудырды (фото)

    Ерекше көрікті автобус жүргізушісі жолаушылардың таңданысын тудырды (фото)

Ұлыбританияда ерекше көрікті автобус жүргізушісі көпшіліктің таңданысын тудырды деп хабарлайды The Sun басылымы.

Ұлыбританияның бұқаралық ақпарат құралдары 24 жастағы Джоди Ли Фоксты автобус басқарған әлемдегі ең көрікті жүргізушілердің бірі деп атаған.

Эссекс графтығындағы Брентвуд қаласында тұратын аруға жергілікті жұрт жұмысын ауыстыруды талай рет ұсынған екен. Бірақ ол өз жұмысын жақсы көретінін алға тартты. Бала кезінде автобусқа мінгенде, Джоди үнемі жүргізушінің қасына жақынырақ орын таңдайтынын есіне алды.

Ол автобус жүргізушісі болуды кішкентайынан армандаған екен. Бұған дейін науқас жандарға қараушы болып жұмыс істеген ару үш жыл бұрын армандаған жұмысына ауысыпты. Енді ол зейнеткерлікке шыққанға дейін автобус жүргізуді жоспарлап отыр.

Джоди өзінің жасы мен сыртқы келбетіне бола, оған әріптестерімен достасу қиынға соғып жүргенін, десе де жолаушылардан әрдайым көптеген мақтаулар еститінін алға тартты. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР Автобусты көздің жауын алар үйге айналдырған жұп елді қызықтырып қойды

"Автобусқа ер адамдар кіргенде, олардың дені "сіз сондай әдемісіз" немесе "мен мұндай сұлу автобус жүргізушісін өмірімде көрген емеспін деп жатады", - дейді Джоди.

Әйел жолаушылар болса, Джодидің маникюрін, шашын, макияжын ұнатып, мақтау жаудырады екен.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлыбританияда азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар екіқабатты автобус сатып алып, оны ерекше сәнді үйге айналдырғаны туралы жазған едік.

Жұлдыз Кенжегалиева

kaz.nur.kz




Көрілген: 957    Пікірлер: 0

жұма, 19.02.2021, 09:08

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30