Шартарап

Еріген мұздықтардағы ежелгі эпидемиялар зерттеуді қажет етеді – ғалым

  • Еріген мұздықтардағы ежелгі эпидемиялар зерттеуді қажет етеді – ғалым

    Еріген мұздықтардағы ежелгі эпидемиялар зерттеуді қажет етеді – ғалым

Жер шарындағы экожүйенің өзгеруі эпидемиологиялық жағдайға қалай әсер ететінін адамзат зерттеуі тиіс

Климаттың жылынуына байланысты ежелгі экожүйелердегі бөлшектердің жер бетіне шығуы, соның ішінде вирустың пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл туралы Тынық мұхиты география институтының Черский ауылындағы солтүстік-шығыс ғылыми-тәжірибелік станциясының аға ғылыми қызметкері Сергей Давыдов мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Ресей территориясының 10%-тен астамы – мәңгі тоң. Бұл миллиондаған жыл бұрын тоңған шөгінділер. Ірі жануарлар әлемінен құралған мамонттар экожүйесінде мамонт пен қошқарөгіз және жүнді мүйізтұмсықтардың өздеріне тән аурулары болды. Оның бәрі де кезінде қатып қалды да, қазір еріп жатыр", - деді ғалым.

Давыдов зерттеушілердің жаңа вирустар тауып жатқанымен, олардың "адамдарға әсер ете қоймайтынын" айтады.

Бірақ ол бір кездері өлімнің жоғары көрсеткішіне алып келетін қара шешек ауруынан Сібірдің солтүстік-шығысындағы юкагирлердің саны күрт азайғанын еске салды.

"Тоңның арасында қара шешектің сақталуы мүмкін екендігін жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан да бұрын болған эпидемиялар зерттеуді қажет етеді", - дейді ғалым.




Көрілген: 361    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.07.2020, 10:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31