Шартарап

Ерлі-зайыптылар 5 жылда үш егіздің ата-анасы атанды (фото)

  • Ерлі-зайыптылар 5 жылда үш егіздің ата-анасы атанды (фото)

    Ерлі-зайыптылар 5 жылда үш егіздің ата-анасы атанды (фото)

АҚШ-та тұратын ерлі-зайыптылар шамамен бес жылдың ішінде үш егіздердің ата-анасы атанды. Биыл тамыз айында Нью-Йоркта тұратын 32 жастағы Джолин Макки мен 33 жастағы Эндрю Маккидің үшінші егіздері дүниеге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Осылайша жұп бес жылдың ішінде алты баланың ата-анасы атанды. Олар: бес жасар Пейтон мен Пейдж, үш жасар Эбигейл мен Эндрю және үш айлық Эйден мен Джейден.

"Көпбалалы ана боламын деп тіпті де ойламаппын. Бір немесе екі балам болады деп ойлаушы едім", - деп ағынан жарылды Джолин.

Әйел үшінші рет егіз күтіп жүргенін білгенде мұның тағдыр екенін түсінген. Себебі үшінші рет тек бір бала туатынына сенімді болған. Егіз екенін білгенде, әйелмен бірге дәрігердің өзі қатты таңғалған. Ол ширек ғасырлық тәжірибесінде мұндай жағдайдың болмағанын атап өткен.

Дәрігерлер бұл феноменді әйел жатырының белсенділігімен түсіндірді. Америкалық әйелдің айтуынша, балалары өзара тату. Бүгінде көпбалалы ана атанған Джолин тағдырдың дәл осылай қалыптасқанына қуанышты.

Stan.kz




Көрілген: 373    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.10.2021, 15:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31