Шартарап

Ерлерге 4 елдің әйелдерімен үйленуге тыйым салынды

  • https://www.rzn.info/

    https://www.rzn.info/

Саудиялық ер-азаматтардың қалыңдық таңдау мүмкіндігі шектелді, дәлірегі, аталған араб елінің билігі 4 елдің, атап айтқанда, Пәкістанның,  Бангладештің, Чадтың және Мьянманың  әйелдерімен отбасын құруға тыйым салды.

 

Саудия билігінің мұндай қадамға баруына аталған елдерден саудиялық ер-азаматтарға тұрмысқа шыққандардың қарасы жарты млн-ға жетіп қалғаны түрткі болып отыр. Елде қалыңдық тапшы болса да билік осындай шектеу шарасы арқылы, дәлірегі, байырғы тұрғындарды аралас некеден ұлттың бірегейлігіне төнетін қауіптің бетін қайтаруды көздеп отыр.

 

Бұл жайында islam.kz порталы GulfNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Жаһандану дәуірінде етек алған аралас неке әр ұлттың өзіндік ерекшелігі мен мәдениетіне қатер төндіретін қауіпке айналған. Осыған байланысты жасы 25-тен аспаған саудиялық ерлерге шетелдік әйелмен шаңырақ көтеруге тыйым салынып отыр.

 

Егер саудиялық ер-азамат әйел үстіне әйел алғысы келсе, яғни, екінші әйелмен неке қидырғысы келсе, тиісті құзырлы органдарға бәйбішесінің, яғни, бірінші әйелінің мүмкіндігі шектеулі жан немесе созылмалы аурудан зардап шегетін науқас екенін я болмаса бала көтеру қабілеті (бедеу) жоғын растайтын медициналық куәландыру құжатын ұсынуы тиіс.

 

 

 




Көрілген: 402    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.03.2021, 09:20

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31