Ерлерге арналған контрацепцидің жаңа түрі пайда болды

17 мамыр 2022, 19:55

Қытайдағы Харбин медициналық университетіне қарайтын емхана ғалымдары ерлерге арналған бала көтертпейтін құрал әзірледі. Бұл жайында islam.kz тілшісі pubs.acs.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Қытай ғалымдары контрацепцияның мүлдем жаңа түрін ойлап тапты - қан тамырларына орналастырылатын гидрогельді блок. Гелді ультрадыбыстың бір соққысымен жоюға болады. Бұл гидрогел адамға қауіпсіз әрі өзге мақсаттарда организмде қолдануға рұқсат етілгген.

 

Ер адамдарға арналған жаңа контрацептиті жасау үшін ғалымдар гелге тиокеталдарды қосты, олар алдыңғы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, құрамында оттегі бар молекулалар әсер еткенде диссоциацияланады.

 

Сонымен қатар, ғалымдар ультрадыбыс әсері кезінде оттегі бөлетін титан диоксидінің аз мөлшерін де қосты.

 

Қолдану нұсқаулығы: гидрогел эякуляция кезінде аталық безден жыныс мүшесіне сперматозоидты тасымалдайтын түтіктерге енгізіледі. Бұл  гидрогел сперматозоидтарды бұғаттайды, олардың шәуетпен араласуына жол бермейді және осылайша әйелдің бала көтеруіне кедергі келтіреді.

 

Гидрогелді ультрадыбыстың аз бөлігін өңдеу арқылы жоюға болады – осылай еткенде титан диоксидінде оттегі босайды, ал өз кезегінде гелді ыдыратады, ыдыраған гел зәр жолымен сыртқа шығып кетеді.