Есекті зорлаған ер адам үш тәулікке қамалды

19 шілде 2023, 10:29

Қарақалпақстанның Еллікала облысының тұрғыны 2 шілдеге қараған түні есегін ағашқа байлап, онымен жыныстық қажеттілігін қанағаттандырған. Бұл процесті ер адамның танысы көрген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап жазды. 

Бұл туралы ақпарат зорлық-зомбылыққа қарсы Nemolchi.Uz парақшасында пайда болды. 

 

7 шілдеде сот ер адамды Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 111-бабының 1-бөлігі бойынша жануарларға қатыгездік жасағаны үшін және 183-бабы бойынша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 3 тәулікке қамауға алды.

 

Басқа елдерде мұндай әрекетке қандай жаза қарастырылған?

 

Германия - үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 25 мың еуро айыппұл төлеу;

 

Біріккен Корольдік - бес жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 5000 фунт стерлинг айыппұл;

 

Италия - үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе 3-16 мың еуро көлемінде айыппұл төлейді. 

 

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар Қылмыстық кодекстің 316-бабы (Жануарларға қатыгездiкпен қарау) бойынша жазаланады. 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz