Шартарап

Есін жиған Навальный желіде алғаш рет жазба қалдырды

  • Есін жиған Навальный желіде алғаш рет жазба қалдырды

    Есін жиған Навальный желіде алғаш рет жазба қалдырды

Менің әлі ештеңеге бейімім жоқ, бірақ кеше күні бойы өз күшіммен дем ала алдым.
Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный Instagram-да уланғаннан кейінгі алғашқы постын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz сайты.

Навальный өзінің жағдайы туралы баяндап жазба қалдырды.

"Менің әлі ештеңеге бейімім жоқ, бірақ кеше күні бойы өз күшіммен дем ала алдым. Тек өзім. Сырттан көмек болған жоқ, тіпті жұтқыншағымдағы қарапайым клапан да қолданбадым. Өте ұнады. Көптеген адамдар таңғалатын және бағаламайтын процесс. Бәріңізге кеңес берем", - деп жазды ол.

Ресей билігі Навальныйдың Омбыдан Германияға ұшу кезінде уланбағанын айтады.

"Біздің ресейлік дәрігерлер қысқа мерзімде ең мықты зерттеу кешенінде улы заттарды анықтауға байланысты зерттеу жүргізді. Бұл зерттеулер ең заманауи жабдықтарда, ең қатаң медициналық хаттамаларға сәйкес жүргізілді. Алексей Навальныйдың денесінде улы заттар табылған жоқ", - деді Ресейдің сыртқы барлау қызметінің (SVR) басшысы Нарышкин.

Навальныйдың желіге қалдырған жазбасы екі сағат ішінде 700 мыңнан аса лүпіл жинап, оқырмандары ыстық лебізін жолдаған тілектерді қарша боратып жатыр.

"Қайта оралуыңмен, Алексей! Аман болғаныңызға қуаныштымыз. Сізді ойлап қатты уайымдадық" - деп жүрекжарды тілегін білдірсе, енді бірі "Қуанышымызда шек жоқ! Жағдайыңды ойлап, қорықтық. Сауығып кет, біздің болашақ президентіміз" - деп оппозиция өкіліне қолдау білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Ресейдің танымал оппозиционері Алексей Навальный уланып, комаға түсті. Кейіннен Навальный емделіп жатқан "Шарите" емханасы ресми мәлімдеме жасап, комадан шыққанын хабарлады.  




Көрілген: 250    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.09.2020, 22:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30