Екі жыл бойы өткізген тергеуден кейін Еурокомиссия Эйпл компаниясы нарықтағы үстемдігін теріс пайдаланды деген айып тақты. Ол бәсекелестеріне Эйпл Пей төлемдер жүйесіне кіруге шектеу салған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Бұл смартфондар арқылы төлем жүргізуге мүмкіндік беретін NFC технологиясына қатысты болып отыр. Осының салдарынан бәсекелестері қажетті құрал-жабдық пен бағдарламалық жасақтама ала алмай жүр.
Бұл іс Эйпл компаниясын зор көлемде айыппұл төлеуге және өз төлем технологиясын ашуға мәжбүрлеуі мүмкін.
Ал компания өкілдерінің мәлімдеуінше, Apple Pay – еуропалық тұтынушылар қолданатын көптеген төлем түрлерінің бірі.
Маргрете Вестагер, Еурокомиссия вице-президенті:
– Өзгелерді ойыннан ығыстырып, Apple өз Эйпл Пей әмияндарын бәсекеден қорғап алды. Бұл өзінің үстем жағдайын теріс пайдалануға тең, сондықтан бұл ережелерімізге сәйкес заңсыз әрекет.