Еуроодақ Ресейді тамақ тапшылығы үшін айыптады

07 маусым 2022, 10:18

"Әлемде туындаған азық-түлік дағдарысына Ресей кінәлі." Еуроаплық кеңес төрағасы Шарль Мишель БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде осылай деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Айтуынша, Еуроодақ Ресейдің аграрлық секторына санкциялар салмаған. Бірақ Мәскеу өзінің Украинадағы әскери қимылдарымен жағдайды ушықтырып жіберген.

 

Мысалы, астық қоймаларын бомбалап, қолына тиген шикізатты ұрлап жатыр - дейді.

 

Ресейдің халықаралық ұйымдағы тұрақты өкілі бұл айыптарды негізсіз деп, жиыннан шығып кетті.

 

Шарль Мишель Еуропалық Кеңестің төрағасы:

 

- Шындығын айту керек, Ресей азық-түлік тасымалын дамушы елдерге қысым көрсету құралы ретінде қолданып отыр. Ресейдің әскери қимылдарынан әлем елдері зардап шегУДЕ. Себебі Азық-түлік бағалары өсіп, адамдар аш ҚАЛЫП жатыр. Бұған тек Ресей жауапты.