Еуроодақ Украинаға көмек көрсетуге уәде берді

24 ақпан 2022, 16:54

Еуропалық одақ Киевке шұғыл көмек көрсетеді. Бұл туралы Еуроодақтың сыртқы істер мен қауіпсіздік саясатының жоғарғы өкілі Жозеп Боррель мәлімдеді. Тиісті хабарлама Еуропалық қызметтің сыртқы байланыс сайтында жарияланды.

"Біз, Еуропалық одақ әлемдегі ең қуатты мемлекеттер тобымыз. Біз ресейлік шабуылдан зардап шеккен адамдарды эвакуациялауды, оның ішінде өз қызметкерлерімізді шығаруды жалғастырамыз", - деді одақ басшысы. 

Бұған дейін Боррель Украинадағы жағдайды Еуропадағы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен кейін болған “ең түнеріңкі уақыт” деп бағалады. Ол Ресей бастаған арнайы операция "халықаралық құқықты бұзып қана қоймай, жалпы адамзаттың өмір сүруінің негізгі ұстанымдарын бұзғанын" атап өтті. 

Одақ басшысы Еуроодақ Ресейге қарсы қатаң санкция енгізетінін мәлімдеді.