Шартарап

Еуропа және Ресей: санкциялар салдарынан қайсысы көп шығынға ұшырады

  • https://nsn.fm/

    https://nsn.fm/

Брюссель Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар әзірлеп жатыр. Бірақ саяси текетірес жылдарында Еуроодақ өзара шектеулердің салдарынан Ресейге қарағанда көп шығынға батты. Экономикалық шығын миллиардтаған еуроға жетіп отыр, деп жазды РИА Новости. 

 

Мұндай санкциялар Еуроодақтың мақсаты емес. Бұл тек Ресейге қарсы тиімді құрал болып отыр деп мәлімдеді Брюссельдегі брифингте ЕО сыртқы саясат қызметінің өкілі Питер Стано. Еуродипломатияның басшысы Жозеп Боррель Алексей Навальныйды қамауға алғаннан кейін адам құқығын бұзғаны үшін жаза қолданылатынын айтты.

 

Еуроодақ Украинадағы жанжалға байланысты 2014 жылдың жазында Ресейге қарсы экономикалық санкциялар қолданды. Кейінірек бұл шектеулерді кеңейтті. 2015 жылдың наурызында ЕО елдерінің басшылары бұл шараларды Минск келісімдерін жүзеге асырумен байланыстырды. Мәскеу "Ресей украинаішілік қақтығысқа қатысушы емес және Минск келісімдерінің субъектісі емес, ол тек реттеу процесіндегі делдал екенін" атап көрсетті. Сөйтті де жауап ретінде шектеулер қабылдады.

 

Бір жыл өткен соң-ақ Еуропаның шығыны көп екені белгілі болды. 2014 жылдың наурызынан бастап 2015 жылдың наурызына дейін Мәскеу 55 миллиард доллар жоғалтса, Еуроодақ 110 миллиард доллардан қағылған. Әсіресе, екіжақты шектеулердің салдарынан ай сайын 700 миллион доллардан жоғалтып отырған Германияның шығыны ауқымды еді.

 

Еуропалық парламент секторалдық санкциялар мұнай бағасының арзандауынан туындаған Ресейдегі экономикалық құлдыраудың өрши түскенін мәлімдеді. Бірақ 2018 жылы ЕО-ның заңнамалық органында санкциялар кері әсер беріп жатқанын мойындады. "Батыстың Мәскеуді оқшаулауға тырысқан әрекеттеріне қарамастан, Ресейдің әлем аренасындағы рөлі артып келеді. Қарсы санкциялар елдегі ауыл шаруашылық саласына оң ықпал етті", -деді депутаттар.

 

2019 жылы Гонконгтағы Линнань университетінің экономисі Маттье Крозе мен Кил әлемдік экономика институтының экономисі Юлиан Хинц "санкциялардың бесжылдығы" нәтижелеріне талдау жүргізді. Олардың есептеулері бойынша, батыс санкцияларынан болған шығындардың жартысынан сәл астамы Ресейге тиесілі (айына 2,2 миллиард доллар) болса, жалпы сомасы 1,8 миллиард доллар болатын қалған 45% шектеулерге бастамашылық еткендердің үлесінде.

 

Economic Policy беделді ғылыми журналы Крозе мен Хинцтың есептеу сызбасын сипаттап жазды. Басылымның жарияланымына халықаралық сауданың өзара шектеулерсіз және тұрақты нарықтық жағдайда қалай дамуы мүмкін екеніне бағалау негіз болды.

 

Тауарлардың барлық санаты үшін әлеуетті сауда ағындарының арасындағы айырмашылық нақты шығындарды көрсетті. Ай сайынғы жалпы шығын төрт миллиард долларды құраған. Соның ішінде Германия ең көп шығынға ұшырады - 38%, яғни 667 миллион доллар. Француз компаниялары да қатты зардап шекті. Крозе мен Хинцтің зерттеуінде көрсетілгендей, басқа елдерге бағытталған экспорт бәрібір шығынды өтей алмады.

 

Жақында ғана Германияның экономика және энергетика министрлігінде 2014 жылғы Ресейге қарсы санкциялардың салдарынан Еуропа бизнесі миллиардтарды жоғалтқанын мәлімдеді. Ал қара тізімге ресейлік азаматтар мен компаниялардың бұғатталған активтері мен ақшалай қаражаттары кейде жүздеген еуроға жеткен.

 

2018 жылы Германия бұғатталған активтер мен ақшалай қаражаттың санкциялық мәліметтер базасына 485 мың еуро, Ирландия &ndash 24 мың, Италия &ndash 94 мың, Нидерланды &ndash 806 еуро енгізді. Тек Кипр ғана ерекше көзге түседі. Мұндағы көрсеткіш үш миллион еуродан асады.

 

2019 жылы дәл осындай көрсеткіш Германияда - 337 мың еуро, Ирландияда - 77 мың, Италияда - 148 мың, Нидерландыда - 819 еуро. 2020 жылы Германияда - 341 мың еуро, Нидерландыда - 761 еуро.

 

Жалпы алғанда, 2014 жылдан бастап Германия шамамен 1,8 миллион еуроны бұғаттаған. Ал ГФР мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2014 жылы 67,7 миллиард еуроны, 2015 жылы - 51,5 миллиард еуроны, 2016 жылы - 48 миллиард еуроны құрады.

 

Берлин санкциялар соғысынан Германия ең көп зардап шегіп отырғанын бірнеше рет мәлімдеді. Өткен жазда бундестаг депутаты Маркус Фронмайер Крозе мен Хинцтің мәліметтеріне ұқсас деректер ұсынды: айына 618 миллион еуро (жылына 7,4 миллиард еуро, Еуроодақтың барлық шығынының 40%).

 

Сол сияқты, Брюссель мен Мәскеу арасындағы санкциялық соғысты Вена халықаралық экономикалық зерттеулер институтындағылар (Wiener Institut fur Internationale Wirtschaftsvergleiche &mdash WIIW) да тереңдетіп зерттеді.

 

WIIW жақында жариялаған бағалауларға сәйкес, 2014-2018 жылдары Ресейге жөнелтетін экспортты қысқарту салдарынан Германиядағы ЖІӨ - 0,2%, Австрияда &ndash 0,5% болған.

 

Зерттеу авторлары азық-түлік өнімдері (Ресей 2014 жылдың тамызынан бастап Еуроодақтан келетін ет, сүт, балық, жеміс-жидек және көкөніс импортына эмбарго енгізді) "Еуропа экспортында маңызды рөл ойнамағанын" атап өтті (Балтық елдері, Финляндия, Германия, Нидерланды және Польшадан басқа).

 

"Ресейде азық-түлік инфляциясы уақытша ғана болды. Бірақ импортты алмастыру нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласы жандана түсті", - деп мәлімдеді WIIW.

 

Ресейдегі ЕО экспортының үлесі екі есеге азайды. Бірақ, ресейлік мұнай мен газға тәуелділік күшейе түсті. Бұл, әсіресе, энергетика ресурстарына деген сұраныс артқан және "Солтүстік ағын &ndash 2" газ құбырының жақын арада аяқталуы жағдайында айқын байқалуда.

 

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 832    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.02.2021, 23:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30