Шартарап

Еуропа мен Ресей келісімге келе ме?

  • Еуропа мен Ресей келісімге келе ме?

    Еуропа мен Ресей келісімге келе ме?

Батыс Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізбек. Дүйсенбіде Еуроодақ "Навальныйды қудалауға" жауапты бірқатар ресейлік шенеунікке қарсы жеке санкциялар енгізу туралы келісті
Ал АҚШ-та бір ғана Навальный емес, сондай-ақ, Ресейді айыптап отырған америкалық ведомстволар мен компанияларға хакерлік шабуылдар (SolarWinds деп аталады) үшін "санкциялар мен басқа да шаралардың" тұтастай пакетін дайындау аяқталып жатыр, деп жазады РИА Новости.

Мұның барлығы о бастан белгілі еді. Себебі, Ресейге қарсы санкциялардың қысым көрсету құралына айналғанына бақандай жеті жыл болды. Бұған ет үйренетін уақыт жетті. Әйтсе де, батыстық "серіктестердің" өз шешімдерін қандай себеп және негіздермен байланыстыратыны әркез қызық. Сәрсенбі күні Федералдық қауіпсіздік қызметінің алқа жиынында сөз сөйлеген РФ президенті Владимир Путин дәл осы мақсаттар туралы еске салды.

"Біз қазір Ресейді ұстап тұру саясатымен бетпе-бет келіп отырмыз. Бұл жерде халықаралық қарым-қатынастар үшін қалыпты болып саналатын бәсекелестік туралы сөз болып отырған жоқ. Керісінше, бірізді және едәуір агрессиялық әдістер жайы айтылып отыр. Бұл шаралар біздің дамуымызға кедергі келтіру және оны тежеу, сыртқы периметр бойынша проблемалар туындату, ішкі тұрақсыздықты арандату, Ресей қоғамын біріктіріп тұрған құндылықтарды жою, Ресейді әлсіретіп, оны сыртқы бақылауға бағынышты етуді көздейді. Посткеңестік кеңістіктегі кей мемлекеттердің дәл осы күйді бастан өткізіп жатқанын өзіміз де көріп отырмыз". 

Путин атап өткендей, ол үшін бірқатар елдердің мемлекеттік қызметкерлерінің ашық мәлімдемелері және бұқаралық стратегиялық құжаттармен танысу жеткілікті. Осы орайда РФ көшбасшысы "Ресей мен тәуелсіз кейбір мемлекеттерге қатысты дұшпандық көзқарастарын жасыруға да тырыспайтынын" айтты.

Ресейді ұстап тұруға бағытталған барлық әдіс жақсы таныс. Путин оларды тізбектеп атап шықты:

"Бізді экономикалық және басқа да санкциялар арқылы құрсаулауға, біз ғана емес, біздің серіктестеріміз де қызығушылық танытып отырған халықаралық ірі жобаларды бұғаттауға, еліміздегі қоғамдық және саяси өмірге, демократиялық процестерге тікелей аралсуға тырысып жатыр. Олар арнайы қызметтердің арсеналындағы құралдарды да белсене қолданып келеді".

Ресей тарихында мұның барлығы бірнеше рет болған. Сол себепті, Путин Ресейге қатысты мұндай әрекеттердің келешегі жоқ екенін айтты. Оның үстіне, Ресей ешқашан өзін агрессор ретінде көрсеткен емес. Ол тек ел тәуелсіздігін құрметтемейтін мемлекеттер мен ұйымдардың заңсыз әрекеттеріне байланысты қорғануға мәжбүр мемлекет ретінде танытып келеді.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясы өзара сенім мен құрметке негізделген ашық диалогқа, қарым-қатынасты дамытуға әркез дайын екенін жар салып жариялап келеді. Бірақ, қандай жауап алып отыр?

Ресейдің Еуроодақпен ынтымақтастық орнатуға ниеті жоқ, ал ресейлік билік елді авторитаризм жолымен жүргізіп жатыр. Міне, ЕО елдерінің сыртқы істер министрлері санкциялар туралы шешім қабылдаған кездесуді осындай тұжырымға келді. Еуропалық демкократия басшысы Жозеп Боррель Ресейді "өзін жау ретінде ұстауды жөн көрген көрші" деп атады. Бірақ, ол өз сөзінің соңында "Бізге қарсы әрекетке көшкен көршілерімізбен жүйелі түрде тайталаса бермес үшін қарым-қатынас моделін нақтылау керек" дегенді қоса мәлімдеді.  

Яғни, ішінара Еуропа және бүтіндей Батыс Ресейді текетірес іздеп, қарым-қатынасты дамытқысы келмейтін ел ретінде көріп отыр. Сол себепті, Еуроодақ Мәскеумен қарым-қатынасты тойтарыс беру, ұстап тұру және ынтымақтастық сынды үш принцип бойынша қарастыратын болып шешті. Боррель оларды былай сипаттады: Мәскеу халықаралық құқық пен адам құқығын бұзса, тойтарыс береміз, Ресей Еуроодаққа қысым көрсетуді арттырса, оны ұстап тұруғымызға тура келеді және Еуроодақ мүдделі бағыттар бойынша ынтымақтастық орнатамыз. Еуропалық дипломатияның ең қажетті құралдар жиынтығы ма дерсің.

Еуроодақ "халықаралық құқық пен адам құқығын бұзу" тобына кез-келген оқиғаны жатқыза салуы оңай. Мәселен, Ресейге еш қатысы жоқ жаһандық жағдайларда да батыстағылар Ресейдің "саусақ іздерін" іздеуге және барлығына орыстарды кінәлі етуді әдетке айналдырған. Яғни, бұл ЕО Ресеймен қарым-қатынасты реттеудің біржақты құқығына ие болып, өз қалауынша марапаттау және жазалау құқығын қолданғысы келеді.

Бірақ, іс жүзінде барлығы керісінше. Себебі, Ресей емес, ЕО өзін дұшпан ретінде танытып отырған көрші. Ресейге қысым көрсетіп, елдің ішкі мәселелеріне араласуды доғарар емес.

Ресей қалай болғанда да Еуропамен қарым-қатынасты өзі қалаған талаптар бойынша қайта реттейтін болады. Еуроодақ мұны неғұрлым ертерек түсінсе, соғұрлым дұрыс болар еді.
 




Көрілген: 725    Пікірлер: 0

сенбі, 27.02.2021, 16:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30