Еуропалық комиссия эмбарго енгізу туралы бір шешімге келе алмады

18 мамыр 2022, 08:12

Брюссельде Мәскеуге қарсы алтыншы санкция тізімін қабылдау бойынша Еуропа Одақ кеңесінің отырысы нәтижесіз аяқталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Еуропалық комиссия Ресей мұнайына эмбарго енгізу туралы бір шешімге келе алмады. Еуроодақтың 27 мүшесі мен елдерінің Сыртқы істер министрлігі Ресейге қарсы алтыншы санкция пакетін енгізу мәселесінде ортақ шешімге келе алмады.

 

Бұл жағдайда тосқауыл Ресейге мұнай эмбаргосын енгізу болып қала береді. Ресми Будапешт бұған қарсы.

 

Жозеп Боррель, ЕО дипломатиясының басшысы:

 

– Өкінішке қарай, бүгін алтыншы санкция пакетін енгізу мәселесі жөнінде шешім қабылданбады. Бұл мәселені ЕО елдері тұрақты өкілдерінің комитеті мен елшілері талқылайды. Әлі де мұнай эмбаргосы жөнінде қиындықтар бар. Шешілмей қалған мәселелер тек техникалық және экономикалық сипатта екендігін айтқым келеді.

 

Мұнай эмбаргосының жобасы санкциялар күшіне енгеннен 6 ай өткен соң Ресей ішкі мұнайдың импортына, ал 2023 жылдан бастап мұнай өнімдерінің импортына тыйым салуды көздеді.

 

Брюссель Венгрия мен Словакияға ресей мұнайын 2024 жылдың соңына дейін сатып алуға рұқсат берді. Бірақ Будапештте эмбаргоның жалпы шығыны ел үшін ауыр тиіп, Венгрия энергетикалық құрылымын 15-тен 18 миллиард еуроға дейін толық жаңарту үшін қосымша инвестициялар қажет деп санайды.

 

Виктор Орбан, Венгрия премьер-министрі:

 

– Соғыс және оған жауап ретінде енгізілген еуропалық санкциялар саясаты энергия дағдарысын тудырды. Мұның бәрі АҚШ-тағы пайыздық мөлшерлемелердің өсуі жоғары инфляцияға әкелді. Бұл Еуропада экономикалық тоқырау жылдары бірінен соң бірі жалғасатын рецессияға айналады. Венгрия экономикасындағы нормалардан асып, оның энергетикалық қауіпсіздігіне кері әсерін тигізбейінше, Еуроодақтағы бірлік үшін Венгрия санкцияларға қарсы емес екендігін айтты.

 

Ресейдің энергия көздеріне тәуелді үш ел – Болгария, Чехия және Словакия да Брюссельден 2024 жылдан кейін де ресей мұнайын қолдануына рұқсат беруін талап етіп отыр.

 

Еуроодақ сыртқы істер министрлері санкциялардан бөлек, Албания мен Солтүстік Македонияның Еуроодақ құрамына кіру мүмкіндігін де талқылады.

 

Сондай-ақ Украинаға ауыр қару-жарақ жеткізу үшін қосымша 500 миллион еуро бөлуге келісті.  

 

Ресейге қарсы алтыншы санкция пакетін енгізу уақыты белгісіз. Бұл сұрақтың жауабын Жозеп Боррель де әлі білмейтінін айтты. Бірақ БАҚ осы аптаның соңына қарай алтыншы пакет бекітілетінін хабарлады.