Эйфель мұнарасына найзағай түсті

05 маусым 2022, 10:33

Париждегі Эйфель мұнарасына найзағай түсті. Бұл туралы танымал фотограф Кулик Бертран Twitter-де жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Эйфель мұнарасына сағат 18.00 шамасында түскен найзағай. Бір уақытта екі камерамен түсірілді", - деп жазды Бертран.

Француз БАҚ өкілдері мәліметінше, кешенге жылына орта есеппен бес рет найзағай түседі. Бұл халыққа қауіпті емес. Өйткені Эйфель мұнарасының жоғарғы жағында электр қуатын тарататын төрт жайтартқыш орнатылған.