Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Facebook пайдаланушыларын жасырын бақылаған жеті ұйым бұғатталды

18 желтоқсан 2021, 02:41

Meta Platforms (бұрынғы Facebook) 50 000-ға жуық пайдаланушыны бақылаған жеті ұйымды бұғаттады, – деп хабарлады компания өз веб-сайтында.

Шабуылшылар Қытай, Үндістан, Израиль және Солтүстік Македонияда орналасқан. Олар 100-ден астам елдің Facebook пайдаланушыларын бақылаған.

Meta ұйымдардың инфрақұрылымын бұғаттады және қауымдастық ережелерін бұзу туралы ескерту жасады.

Зиянды әрекеттерден зардап шеккен Facebook пайдаланушыларының шағымдарын ескерді.

Бұған дейін Facebook-тің бет-әлпетті тану жүйесінен бас тартатыны хабарланған болатын. Meta миллиардтан астам адамның бет-әлпетін тану үлгілерін жою туралы шешім қабылдады

aikyn.kz