Falcon 9 соңғы екі күнде үш рет көкке көтерілді

19 маусым 2022, 20:20

Space X компаниясы тағы зымыран тасығышын ұшырды. 
 
 
Бұл Falcon 9 зымыранының соңғы 36 сағатта үшінші рет көкке көтерілуі, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұл жолы Space X зымырантасығышы орбитаға «Глобалстар» байланыс жерсерігін алып шықты. 

Ол 10 жыл бұрын ұшырылған ғарыш аппараттарына қосылуы тиіс. Жаңа жерсерік ұялы телефон мен төмен жылдамдықтағы мәліметтерді берумен айналысады.

Baq.kz