Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Фигурасы от екен»: Қазақша әнге билеген ресейлік "Ким Кардашьян" елді таң қалдырды

23 желтоқсан 2021, 18:12

Оқырманы 13 миллионнан асқан блогердің қазақ әніне бірнеше мәрте билеген бейнежазбасы Tik-tok-тағы парақшасында жарияланып Казнетті бір шулатты, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

 

Бүгінде Tik-tok желісінде вирусқа айналған қазақ әніне тек қазақстандықтар ғана емес, ресейлік блогерлер де қосылды. Әсіресе, фитнес-жаттықтырушы, блогер Валерия Бервольфтің биі қызу талқылануда.

 

Ол Жолдасбек Әбдіхановтың «Аш, аш» әніне билеген. Видеоға бұл қай елдің әні деп сұрақ қойған сылқымға желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған. Тіпті биден бұрын оның мүсініне қызығушылықтарын жасыра алмапты.

 

«Бұл қазақтың әні, тамаша!», «Биі құрсын, фигурасы от екен», «Қазақ әні болашақта әлемжелінің үздігі болсын», «Пах шіркін биін-ай», − деп жазды желі қолданушылары.

 

Айта кетейік, Валерия Бервольф тек блогерлігімен ғана емес, мінсіз мүсінімен де жақсы танымал. Оны тіпті Ресейде екінші Ким Кардашьян деп те атайды.