Фильмнің Қазақстанға түк қатысы жоқ: Борат авторы өз әрекетін түсіндіріп берді

27 қазан 2020, 13:57

Сценарий авторының және жанжалды фильмнің басты кейіпкерінің түсініктемесін The New Your Times жариялады.

 
«Бұл комедия, фильмдегі Қазақстанның нақты елге еш қатысы жоқ. Мен Қазақстанды таңдадым, өйткені бұл жер туралы АҚШ-та барлығы дерлік білмейді. Бұл бізге жабайы, комедиялық, жалған әлем құруға мүмкіндік берді. Нағыз Қазақстан - заманауи әлем, Бораттың нұсқасына қарама-қарсы керемет ел», - деді Коэн редакцияға электронды пошта арқылы жолдаған хатында.

Саша Барон Коэн Қазақстанға туристерді тарту үшін жарнамалық науқанға осылай әрекет етті.

Kazakh Tourism ұлттық компаниясы "Борат" кейіпкерінің сөзін келтіріп, ролик түсірді. Комедия үзіндісін позитивті түрде пайдалану  Қазақстанға сапарлап келген америкалық Деннис Киннің идеясы.

Бұған дейін «Намыс» патриоттық қауымдастығы АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығына «Борат-2» фильмінің шығуына қарсы петиция жіберген болатын. Америка Құрама Штаттарының үкіметі бұл фильмді қаржыландыруға, өндіруге немесе таратуға қатысымыз жоқ деп жауап берді.

Фильмде «айқын нәсілшілдік пен ксенофобияның түрі бар», бірақ музыкалық наразылық мағынасыз. Өйткені оның нақты кімге бағытталғаны белгісіз деді ҚР сыртқы істер министрлігі.