Шартарап

Финляндия фермасындағы сұмдық (фото)

  • http://islam.kz/

    http://islam.kz/

Филяндиядағы жануарларды қорғау ұйымы пайда үшін қамаудағы итті шектен тыс семірту фактісін анықтады.

 

Дәлірегі, суықта байларды жылытып қоймай, сонымен қатар, сәнін кіргізетін жағалы киімдер өндірісі үшін ұлпа жүнді жануарларды асырауға, терісін іреуге, сатуға, тасымалдауға, т.б. әрекеттерге әлемнің әр түкпірінде қоғамның талабы мен табандылығының арқасында жаппай тыйым салынып жатқандықтан кейбір фермерлер адамның ойына келуі екіталай түрлі қулыққа көшіп жатыр.

 

Адамнан айла артылған ба, терісі үшін көптеп өсірсе, көзге түсіп қалады. Екінші жағынан көп шығынданбай әрі қоғамның назарын аудармай-ақ, пайда табуға болатынын финдік фермерлер дәлелдеп бергендей еді.

 

Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, Oikeutta Eläimille жануарларды қорғау ұйымының өкілдері итті бордақылаудағы ниетін әшкере етпек болып жанталасып жатыр. Өйтені, шектен тыс семіріп кеткен ит қимылдаудан қалған әрі әрең тыныс алады, май басқан қабағы көзін жауып кеткен. Артық салмақтың азабын тартқан жануарды құтқару үшін жұмылуда.

 

Итті семірту арқылы көлемін ұлғайтып, бір иттен, екі иттің терісін алуға болады. Дәлірегі, жергілікті фермер мутантқа ұшыраған ақ, полярлы түлкі итінің бір түрін қамап ұстау талабын өрескел бұзған.

 

Әдетте көгілдір иттің еркегінің салмағы жаратылысына сай ары кеткенде 8 келіден, ал ұрғашысының салмағы 6 келіден аспауы тиіс. Мына қамаудағы иттің салмағы қалыпты салмағынан екі есе асып кеткен.Бойының биіктігі 55-65 сантиметрге жететін ит үшін мұндай салмақ адам айтқысыз азап шектіреді.

 

Бұл жайында mnogo-krolikov.ru ақпарат көзі мәлім етті.

 

 

 

 

islam.kz




Көрілген: 4304    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.07.2020, 15:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30