Fitch халықаралық агенттігі Ресейдің 20 өңіріндегі рейтингін кері қайтарып алды

02 сәуір 2022, 18:42

Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Ресейдің 20 өңірлік билік органына тиесілі шетелдік және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін кері қайтарып алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі. Бұл туралы Fitch сайтында жазған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Өңірлік билік органдары борыштық рейтингілерінен де айырылды.

 

Бұған дейін Fitch Group Ресейдегі коммерциялық қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған.

 

Бұл шешім оның Fitch Ratings және Fitch Solutions бөлімшелері арқылы көрсетілетін несиелік рейтингілерге және өзге де қызметтеріне қатысты.