Франция карантиннен шығу жоспарын жариялады

25 қараша 2020, 11:06

 Францияда вирустың таралуы бәсеңдеп, ауруханалардағы науқастардың саны азайған. Осыған байланысты президент Эммануэль Макрон карантиннен шығу жоспарын жариялады, деп хабарлайды 24kz.

 Билік елде шектеулерді біртіндеп алуға ниетті. Жаңа жылға дейін алдымен дүкендер мен сауда орталықтары ашылмақ. Бірақ жүріп-тұруға қатысты тыйымдар сақталуы мүмкін. Егер індеттің таралуы тағы бәсеңдесе келесі айдың ортасына таман кинотеатрлар мен мұражайлар жұмысын жалғастырады. Ал студенттер оқу орындарына тек қаңтар айының соңынан бастап орала алады.

"Егер елде күніне вирусты жұқтырғандар саны 5 мыңнан азайса, қаңтардың 20-сынан бастап мейрамханалар мен спорт залдарды ашатын боламыз. Өйткені біз індеттің үшінші толқынын болдырмау үшін сақ болуымыз қажет", - деді Франция президенті Эммануэль Макрон.