Шартарап

Францияда жастар арасында індет жұқтыру дерегі көбейді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Францияда өңірлік билік көшеде масканы міндетті түрде тағуды өз бетінше енгізу құқығын алды. Мұндай мәлімдемені ел үкіметі жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

20 шілдеден бастап елде үсті жабық қоғамдық орында маска тағу міндеттелген болатын. Парижде шілде айының ортасынан бастап індеттің екінші толқыны жүруі мүмкін екені айтылған еді, бірақ олар бұл жағдайға дайынбыз деп сендіріп отыр.

 

«40-45 жасқа дейінгі адамдар арасында індетке шалдығушылар саны орташа көрсеткіштен асып түсті. Егде жастағы адамдарға әсер етіп, ауыр зардаптарға әкелген індет қазір жастар арасында тез таралуда. Жастардың қашықтықты сақтамауынан осындай жағдай болып отыр», дейді От-де-Франс аймағының денсаулық сақтау депртаментінің директоры Этьен Шампьон.

 

Мадридте де көшеде маска тағу міндеттелді. Оған қарсылық танытқан жағдайда 100 еуро айыппұл салынады. Испанияда бірнеше күн қатарынан тәулігіне коронавирус жұқтырған мыңнан астам жаңа жағдай тіркелуде.

 

Ауру жұқтырғандар саны күрт өсуіне байланысты бірқатар Еуропа елдері өз азаматтарына Испанияда демалудан бас тарту жөнінде кеңес береді. Дегенмен ел билігі жағдайды бақылауда ұстап отыр. Әсіресе курорттық аймақтарда бірқатар талаптар енгізілген.

 

Сонымен, Германия СІМ жұма күні неміс туристері арасында кеңінен танымал аудандар Каталония, Арагон және Наварраға сапар шегу қауіпті екенін айтып, ескерту жасады.

 




Көрілген: 373    Пікірлер: 0

сенбі, 01.08.2020, 21:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30