Шартарап

Францияда Мұхаммед пайғамбарды мазақ еткен профессордың басын кесіп тастады (ВИДЕО)

  • Францияда Мұхаммед пайғамбарды мазақ еткен профессордың басын кесіп тастады (ВИДЕО)

    Францияда Мұхаммед пайғамбарды мазақ еткен профессордың басын кесіп тастады (ВИДЕО)

Париждің маңында 18 жастағы жергілікті тұрғын сыныпта сөз бостандығын талқылау кезінде Мұхаммед пайғамбарды мазақ еткен суреттерді көрсеткені үшін тарих пәнінің профессоры П. Сэмюэлдің басын кесіп тастады, деп хабарлайды Stan.kz.

Оқиға 16 қазан күні түстен кейін болған. Қылмыс нұсқаларының біріне сәйкес, оқушылардың бірінің әкесі  көшеде мұғалімге ас үй пышағымен шабуылдаған.

БАҚ қылмыскер 18 жастағы шешен болған деп мәлімдеді. The Guardian басылымының жазуынша, қаскөй - Мәскеудің тумасы.

Қылмыс куәгерлері шабуылдаушының  "Аллаһу Акбар" деп айқайлағанын айтты. Қаскүнем пышақпен шамамен 600 метр жүріп өткен, содан кейін полиция патрульі оны байқап, атып өлтірген.

Алайда, Le Parisien басылымының нұсқасы бойынша, кісі өлтіруші қылмыстан кейін Парижге жақын маңдағы Эраньи-сюр-Уазға барған, полицейлер оны сол кезде көріп, өз еркімен берілуді ұсынған. Жауап ретінде қаскөй қалтасынан тапанша шығарған, ал полиция оны атып тастады.

Істі терроризмге қарсы бөлім тергеп жатыр. Қазір полиция, өткен аптада Twitter-де жарияланған видеоны да тексеріп жатыр, онда ер адам мұсылман дінін ұстанатын қызының Мұхаммед пайғамбардың карикатуралары көрсетілген сабақта болғанын және мұғалімнің іс-әрекетінен шошығанын айтқан.

Бұдан басқа, қылмыскердің жанынан мылтық табылғаны туралы да хабарлар таралып жатыр. Сондай-ақ, полицейлер өлтірмес бұрын қаскүнем өз әрекетін түсірген видеоны интернетке жариялады деген болжамдар айтылуда.




Көрілген: 1322    Пікірлер: 0

жексенбі, 18.10.2020, 01:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31