Шартарап

Францияда пандемияға байланысты коменданттық сағат енгізіледі

  • Францияда пандемияға байланысты коменданттық сағат енгізіледі

    Францияда пандемияға байланысты коменданттық сағат енгізіледі

Франция президенті Эммануэль Макрон пандемияның таралуымен күрес аясында санитарлық талаптарды күшейтетінін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Ел астанасы мен ауру жұқтыру деңгейі жоғары Лилль, Гренобль, Лион, Марсель, Монпелье, Руан, Тулуза және Сент-Этьен секілді ірі сегіз қалада сенбі күні сағат 21:00-ден бастап коменданттық сағат енгізіледі. Бұл режим кемінде төрт аптаға дейін созылады.

Үкімет Парламентпен оны 1 желтоқсанға дейін ұзартуды келісуі мүмкін. Егер осы алты апта ішінде ел тұрғындары санитарлық шектеулерге жауапкершілікпен қараса және инфекцияның таралуын тоқтату мүмкін болса, онда жылдың аяғынан бастап бұл шараларды біртіндеп жеңілдетуге болады», &mdash деді Макрон.

Оның айтуынша, достардың, жақын адамдардың кездесулері, туған күн кештері және тағы да басқа кешкі жиын-тойлар мен мерекелік кештер ауру жұқтыру деңгейінің артуына себеп болып отыр. Кешкі тоғыздан бастап барлық бар, мейрамхана, театр мен кинотеатр жабылуы тиіс. Президент коменданттық сағат енгізілген кезде аталған қалалардың барлық тұрғыны өз үйлеріне қайтады деген сенімде.




Көрілген: 485    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.10.2020, 12:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30