Бір күнде Францияда антифранцуз агрессиясының эпизоды төрт рет және ел шекарасынан сыртта екі рет болды, - деп хабарлайды РИА Новости.
 
CNews телеарнасының мәліметінше, пышағы бар ер адам Лионда ұсталған. Полицияның хабарлауынша, ол теракт ұйымдастыруды көздеген.
 
Сондай-ақ полиция Париж маңындағы шіркеуде шабуыл жасауға дайындалған, пышақпен қаруланған ер адамды ұстады.
 
Одан бұрын Авиньон қаласында "Аллаху акбар" деп айғайлап полицияға шабуыл жасағысы келген ер адамға полиция оқ атты, деп хабарлады Europe 1 радиостанциясы. 
 
Еске салайық, Ниццеде белгісіз біреу Нотр-Дам шіркеуінде адамдарға пышақпен шабуыл жасағаны және кейін оның ұсталғаны хабарланды.
 
Қала мэрі Кристиан Эстрози бұл террористік шабуыл екенін мәлімдеді және Ниццаға президент Эммануэль Макрон мен премьер-министр Жан Кастекс келетінін айтты.
 
Екі апта бұрын Париж маңында мұғалім Самюэль Патидің басы кесілген болатын, ол сабақта Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсеткен. Макрон бұл оқиғаны теракт деп атап, Франциядағы сепаратизмге қарсы күрес жариялаған еді.