Шартарап

Франциядағы Крей қаласының мэриясында қаны қазақ саясаткер жұмыс істейді

  • Франциядағы Крей қаласының мэриясында қаны қазақ саясаткер жұмыс істейді

    Франциядағы Крей қаласының мэриясында қаны қазақ саясаткер жұмыс істейді

Йешим Саваштың атасы Қазақстанда, әкесі Түркияда, ал өзі Францияда дүниеге келген.

Ол жасынан саясатпен айналыса бастап, отызға толмай туған қаласында мэрдің орынбасары болып сайланды.

Йешим Саваш күндіз мектепте жұмыс істейді, ал кешке қаланың мәдени мәселелерімен айналысады. Францияда бұл қызмет негізгі жұмысынан босатпайды. Алты жылға сайланған Йешим бұл мерзімде Крей қаласының мәдени ортасын дамытатын үлкен жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Сондай-ақ тарихи отанымен тығыз байланыс орнатпақ.

Йешим Саваш, Крей қаласы мэрінің орынбасары: – Бұл керемет болды. 2014 жылы қалалық кеңеске сайланғанда, халықаралық қатынастармен айналыстым. Крей түрлі елдердегі 12 қаламен серіктестік орнатқанын айтып кету керек. Отбасымыз бүкіл Крейдегі жалғыз қазақтар, сондықтан Қазақстанмен байланыс орнату жақсы болар еді. Мен әлемдегі бірнеше шаһармен осындай жұмыс атқарып үлгердім. Арасында Түркиядағы Кушадасы бар. Қазақстандағы қалалардың бірімен ынтымақтастық орнатуды өзім үшін үлкен абырой санар едім.

Қазақстанда әлі болмаған Йешимнің бір арманы – атамекеніне бару. Өткен ғасырдың ортасында туған елінен кетуге мәжбүр болған атасы өз тамырын ұмытпай, туған жерін қадірлеп, қастерлеуді үйреткен. Йешим үйінде ұлттық тағамды жиі дайындап, дәстүрін сақтап келеді.

Йешим Саваш Крей қаласы мэрінің орынбасары: – Мені түрік деп атауға болады. Өйткені әке-шешем Түркия азаматтары, өзім Франция азаматымын. Алайда ұлтың кім деп сұрағанда, үнемі қазақпын деп жауап беремін. Ата-әжеммен бірге тұрмағандықтан, ана тілімді үйрене алмадым. Бірақ оған қарамастан өзімді қазақпын деп есептеймін. Қазақстанда мені мақтан тұтқанын көріп, көзіме жас келді. Бүкіл елдің қолдауына ие болу – үлкен абырой.

Қала мэрінің орынбасары сайланғаннан кейін Йешим Франциядағы қазақтар ортасында жұлдызға айналды. Ол туралы Қазақстан, Орталық Азия мен Моңғолияның бұқаралық ақпарат құралдары жазған болатын. Йешим елдегі қазақ жастары одан үлгі алып, саясатпен араласатынына үмітті. Көп ұзамай Қазақстан Францияда тұратын қандастарының жаңа жетістіктерін мақтан тұтатынына сенімді.

Әлия Сыздықова, Руслан Өміржан

24.kz




Көрілген: 491    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.04.2021, 00:43

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31