Шартарап

Францияның мемлекеттік хатшысы бүкіл Еуропаның Аустралияға сенімі жоғалғанын мәлімдеді

  • Клеман Бон. Фото: diplomatie.gouv.f

    Клеман Бон. Фото: diplomatie.gouv.f

Франция СІМ жанындағы мемлекеттік хатшы Клемен Бон Аустралия Франциямен сүңгуір қайықтар туралы келісімшартты бұзып, Париждің ғана емес, бүкіл Еуропаның сеніміне күмән келтіргенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі RG сайтына сілтеме жасап.

 

Оның айтуынша, Аустралия үкіметі Вашингтонның немесе Лондонның артына тығыла алмайды. Ол егеменді мемлекет ретінде шешім жасады, ал Америка өз мүдделерін қорғай бастады. Сондықтан еуропалықтар іс-әрекетке көшіп, автономиясын күшейтуі керек.

 

"Мен қазір аустралиялық серіктестерімізге қалай сене алатынымызды білмеймін. Бұл Францияға қарсы қадам емес, бұл Еуропаның сеніміне нұқсан келтірді", - деді Бон.

 

Бұған дейін Франция СІМ басшысы Жан-Ив Ле Дриан келісімшарттың бұзылуына байланысты АҚШ пен Аустралиядағы елшілерін кеңесу үшін қайтарғанын хабарлаған болатын.

 

Ал Вашингтон француз билігімен тығыз байланыста екенін және алдағы күндерді келіспеушіліктерді шешуге арнауға ниетті екенін айтты.

 

Бұған дейін Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон, АҚШ президенті Джо Байден және Аустралия премьер-министрі Скотт Моррисон қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы AUKUS атты жаңа серіктестігін құратынын жариялады. Осыған байланысты Канберра франциялық Naval Group компаниясымен суасты қайықтары туралы келісімшартты бұзды.

Айта кетейік, "Ғасыр келісімшарты" атанған 56 миллиард еуроның келісімі Barracuda класындағы 12 соққы жасайтын суасты қайықтарын жасауды көздейді.

 

 

 




Көрілген: 392    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.09.2021, 11:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31