G7 елдері Ресей активтерін тәркілеу мәселесін талқылап жатыр

23 мамыр 2022, 08:41

"Үлкен жетілік" (G7) елдерінің қаржы министрлері 20 мамырдағы кездесуде ресейлік активтерді тәркілеу мәселесін талқылады. Бұл туралы Ulysmedia.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасапжазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Мұндай мәлімдемені Германияның Қаржы министрі Кристиан Линднер арнайы брифингте жариялады.

 

G7 елдерінің министрлері ресейлік активтерді тәркілеу мәселесін қозғады, бірақ ол тек мемлекеттік қаражатқа қатысты болуы керек, жеке меншіктің емес, – деді ГФР Қаржы министрі Кристиан Линднер

 

Министр G7 елдерінің қаржы министрлік басшылары, әзірге "Ресей мемлекеттік акторлары активтерін тарту және оны қалпына келтіру үшін пайдалану (Украина)" мәселесін талқылап жатқанын атап өтті. Линднердің айтуынша, бұл мәселе толығымен шешілмеген, оны мұқият қарастырған жөн.

 

Бұған дейін АҚШ пен ЕО билігі Украинаны қалпына келтіру үшін бұғаттағы ресейлік активтерді пайдалануды ұсынған болатын. Линднер G7 мен ЕО Украинаны қалпына келтіруді қаржыландыру үшін Орталық банктің бұғатталған резервтерін пайдалану мүмкіндігін талқылап жатқанын айтты.

 

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мұндай шешім заңсыз, өрескел және тиісті жауапты қажет ететінін айтты. Ол мұны "ашықтан ашық тонау" деп атады.