Ғаламдық дағдарыс жақындап қалды…

12 наурыз 2022, 19:24

«COMEX» биржасындағы 7 наурыз күнгі аукционда алтын бағасы бір унция үшін 2005,2 долларға жетті.

Мұндай жоғары баға соңғы бір жарым жылда тіркелмеген еді. Оның ең қатты қымбаттағаны пандемия кезі болатын. Ол кезде – 2020 жылдың 19 тамызында алтынның бір унциясы 2 000,69 долларға жеткені есте. Содан кейін баға біртіндеп төмендей бастаған-ды.

Тауар трейдерлері дүрбелең кезді пайдаланып, барлық тауар бағасын көтеріп жатыр. Мысалы, дүйсенбі күні газ бағасы мың текше метрі үшін 1,7 есе өсіп, 3700 доллар болды. Мұнай бағасы барреліне 150 долларды құрайтын тарихи ең жоғары деңгейге жақындап қалды. Тарихта алғаш рет бидай да бірден 40%-ға қымбаттады.

Бұл жағдайларды бақылап отырған сарапшылар 24 жыл бұрын болған ғаламдық дағдарыс орын алуы мүмкін деп дабыл қақты.

 «Замана»-ақпарат.