Шартарап

Ғалымдар жер қойнауынан 1 млрд тонна алмаз тапты

  • https://pikabu.ru

    https://pikabu.ru

Массачусетс технологиялық институтының (MIT) ғалымдары соңғы зерттеулерінде үлкен олжаға кенеліп, Жер қойнауында 1 миллиард тонна алмазды тапқан. Бұл туралы Научный факт телеграмм каналы жазды.


Зерттеу жұмыстарының бастапқы мақсаты литосфераның түзілу моделін құрастыру болған.


Ғалымдар жердің беткі қабатын инфрадыбысты толқынмен сәулелендіру әдісі арқылы алмазды тапқан. Толқынның ұзақтығы температура мен заттың қалыңдығына қарай өзгеріп отырған.


Алмаздың мол қоры жер астында 200 шақырым тереңдікте орналасқан. Сондықтан ол қазір адамдарға қолжетімсіз болып тұр. Ғалымдардың айтуынша, жер астындағы ондай тереңдіктті бұрғылайтын технология қазір жоқ көрінеді.


«Соңғы зерттеулер геологиялық көлемде алмаздың Жерде көп тараған материал екенін көрсетті. Өкінішке қарай, қазір алмазға жету мүмкін болмай тұр», - дейді Массачусетс технологиялық институтының ғалымы Ульрих Фаул.


 Вaq.kz




Көрілген: 981    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.09.2019, 16:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31