Шартарап

Ғалымдар коронавирус қалай таралатынын видео арқылы көрсетті

  • http://kabar.kg/

    http://kabar.kg/

Бетперде &ndash коронавирустан қорғанудың ең тиімді жолы. Мұны жапониялық ғалымдар тағы бір мәрте дәлелдеді. Олар адам маскасыз сөйлескен кезде, ән айтқанда, жөтелгенде вирус қалай таралатынын көрсетті.

 

Коронавирустың таралуын көзбен көру мүмкін емес. Сондықтан инфекциядан маска арқылы қорғану тәсіліне адамдар жеңіл-желпі қарайды, деп жазады euronews.com.

 

 

COVID-19-дың таралуын анық көрсету үшін жапониялық ғалымдар жаңа технологиялар көмегіне жүгінді. Бұл үшін зерттеушілер Fugaku суперкомпьютерінің мүмкіндігін қолданды. Ол арқылы адам маскасыз сөйлеген кезде таралатын вирус бөліктерінің қозғалысын модельдеді.

 

"Егер вирус қалай таралатынын нақты көрсетсек, адамдар қауіп жоғары екенін түсінеді деп ойлаймын. Сондай-ақ, бұл процесті ғылым тұрғысынан көрсеткіміз келді", - деді Kobe University & RIKEN профессоры Макото Цубокуро.

 

Зерттеу қорытындысы ауаның жоғары ылғалдылығы салдарынан ұсақ аэрозольдік бөлшектер ұлғаяды. Сондықтан вирустан қорғану үшін маска ең тиімді тәсіл болып отыр.

 

Сондай-ақ, зерттеушілер әлеуметтік қашықтықты сақтау өте маңызды екенін атап өтті. Өйткені вирустың ірі бөлшектері жерге түседі де, ауа арқылы ұзақ қашықтыққа тарала алмайды.

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 932    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.10.2020, 18:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30