Шартарап

Ғалымдар коронавирус пандемиясының болашағын болжады

  • Ғалымдар коронавирус пандемиясының болашағын болжады

    Ғалымдар коронавирус пандемиясының болашағын болжады

Ливандағы Бейрут америкалық университетінің ғалымдары коронавирус инфекциясы қоңыржай климатты елдерде ұжымдық иммунитет қалыптасқан кезде маусымдық ауруға айналатынын болжады.

Ливандағы Бейрут америкалық университетінің ғалымдары коронавирус инфекциясы қоңыржай климатты елдерде ұжымдық иммунитет қалыптасқан кезде маусымдық ауруға айналатынын болжады. Бұл туралы Frontiers in Public Health журналында жарияланған мақалада айтылады.

Зерттеушілер тұмау вирусы және суық тиюден пайда болатын коронавирусты зерттеді. Қыста қоңыржай елдерде осы патогендерден туындайтын ауру шарықтау шегіне жетеді, алайда вирустар жыл сайын тропикалық өңірлерде де жүреді. Ғалымдар вирустық инфекциялардың маусымдылығын бақылайтын факторларды, сондай-ақ SARS-CoV-2 пандемиясы туралы деректерді де ескерді.

Вирустардың ауада болу ұзақтығы, сондай-ақ адамдардың инфекцияны қабылдауы температураның маусымдық өзгерісіне және ылғалдылыққа байланысты екені белгілі болды. Тұмау және басқа да респираторлық аурулармен салыстырғанда жаңа коронавирустың таралуы көп адамда иммунитеттің жоқтығына байланысты жылдам болып отыр. Сондықтан да маусымдылыққа әсер ететін факторлар жаз айларында COVID-19 таралуын тоқтата алмай келеді.
Сауыққан соң немесе иммундаудан соң көп адамның иммунитеті нығайған кезде вирус маусымдық факторларға ықпал ететін болады. Ол үшін коронавирустың таралуын шектейтін қатаң шараларды сақтау керек. 




Көрілген: 729    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.09.2020, 17:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31