Шартарап

Ғалымдар коронавирустан кейін пайда болатын жаңа ауру түрі туралы ескертті

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Коронавирус адамның жүрегіне инфаркт салдарына ұқсас құрылымдық өзгерістер қалдыруы мүмкін. Бұл туралы неміс ғалымдары ескертті, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеп.

 

Зерттеу барысында коронавирустан емделген 100 пациенттің 76-сының жүрегі зақымданған белгілі болды. Сонымен қатар, зерттеуге қатысушылардың 75 пайызы қандағы тропонин ақуызының жоғары деңгейіне жеткен, бұл әдетте жүрек соғысының көрсеткіші болып табылады.

 

Германияда жүргізілген екінші зерттеу коронавирустан қайтыс болған пациенттердің жартысынан көбінің жүрегіне COVID-19 әсер еткенін көрсетті. Ғалымдар коронавирустың салдары адамдарда инфаркт, инсульт немесе басқа жүрек-тамыр аурулары қауіпін қаншалықты арттыратынын әлі білмейді. Алайда, зерттеулер сауыққан пациенттер ұзақ уақыт бойы дененің әлсіздігінен арыла алмайтындығын көрсетті.

 

Сонымен қатар ғалымдар науқастар емделгеннен кейін де дәрігерлердің арнайы бақылауында болуы керек екенін ескертті. Олардың пікірінше, егер қосымша зерттеулердің нәтижелері ұқсас болса, онда коронавирус жүрек ауруының жаңа толқынын тудыруы мүмкін.

 




Көрілген: 543    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.07.2020, 21:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30