Шартарап

Ғалымдар коронавирусты жойып жіберетін құрал ойлап тапты

  • Фото: REUTERS

    Фото: REUTERS

Питтсбург университетінің ғалымдары коронавирустың алдын алуға және емдеуге өте тиімді көмектесетін антидененің кішкентай бөлігін ойлап тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

 

Зерттеу жұмысы Cell ғылыми журналында жарияланды.

 

Ғалымдар SARS-CoV-2 вирусын толығымен бейтараптандыратын ең кішкентай биологиялық молекуланы анықтады. Антидененің бұл бөлігі толық өлшемді антиденеден 10 есе кішкентай. Ол Ab8 препаратын жасау барысында қолданылыпты.

 

Зерттеушілердің айтуынша, Ab8 тышқандар мен атжалмандарды (хомяк) SARS-CoV-2 вирусынан емдеу және алдын алу кезінде тиімді екенін көрсеткен. Оның өте кішкентай болуы вирусты жояды. Сондай-ақ, дәрінің балама нұсқаларын дайындауға атап айтқанда ингаляция арқылы енгізуге мүмкіндік береді.

 

"Ab8 препараты COVID-19-ды емдеуде потенциялы жоғары екенін көрсетті. Сондай-ақ, оны адамдар арасында SARS-CoV-2 инфекциясын жұқтырудың алдын алу үшін пайдалануға болады", - дейді зерттеуге қатысқан ғалымның бірі Джон Меллорс.

 




Көрілген: 564    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.09.2020, 14:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30