Шартарап

Ғалымдар коронавирусты таратуы мүмкін жануарды атады

  • Ғалымдар коронавирусты таратуы мүмкін жануарды атады

    Ғалымдар коронавирусты таратуы мүмкін жануарды атады

Қытайлық ғалымдардың зерттеуінше, қауіпті коронавирус панголин жануарынан тараған болуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Интерфаксқа сілтеме жасап.

Зерттеуді Оңтүстік-Қытай ауыл шаруашылығы университеті мен Линнань-Гуандун заманауи ауыл шаруашылығы лабораториясының мамандары жүргізген. Олар генетикалық материалдардың мыңдаған үлгілерін зерттеген.

Ғалымдар панголиндерден бөлінген коронавирустың геномдық тізбегі науқас адамдардағы коронавирустың геномымен 99 пайызға сәйкес келетінін анықтаған. Мамандардың айтуынша, панголиндерден басқа да жануарлар вирусты таратуы мүмкін.

Мамандардың сөзінше, олардың зерттеулері коронавирусты тезірек бақылауға алуға мүмкіндік береді және өздері жасаған зерттеудің арқасында ғалымдар вирусты нақты таратушыны таба алады. Ғалымдар әзірге жабайы жануарларға жоламауға кеңес берді.

Дегенмен хабарламада коронавирустың дәл осы панголиндер арқылы адамға жұққан-жұқпағаны нақтыланбаған.

Еске сала кетсек, Қытайда қауіпті дерттен көз жұмғандар саны 632 адамға жеткені хабарланды. Сондай-ақ, өлім вирусын 31 161 адам жұқтырып үлгерген. Дегенмен вирустан құлан таза айыққан адамдар да бар. 1540 адам коронавирусты жеңген.




Көрілген: 351    Пікірлер: 0

жұма, 07.02.2020, 20:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30