Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ғалымдар коронавирустың канализациялық құбырлар арқылы тарайтынын растады

02 қыркүйек 2020, 15:10

Қытай ғалымдары коронавирус инфекциясы таралуының жаңа түрін анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ centralasia.media сайтына сілтеме жасап.

 

Environment International журналындағы зерттеу авторлары коронавирус канализациялық құбырлар арқылы тарауы мүмкін дегені нұсқаны атап отыр.

 

Ақпан айының өзінде Қытайдағы аурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі орталығының зерттеушілері бос тұрған пәтердегі жуынатын бөлмеден коронавирус іздерін анықтаған. Бұл жуыну бөлмесі осыған дейін коронавирус анықталған бес адам тұратын пәтердің астыңғы қабатында орналасқан.

 

Өткізілген тәжірибелер нәтижесінде үйдің оныншы және он екінші қабатындағы пәтерлерден коронавирустың аэрозольды бөліктері табылған.

 

Осылайша, зерттеушілер COVID-19 бөліктері ауада құбырлар арқылы дәретханадағы суды ағызу күшімен таралады деген шешім қабылдады.