Шартарап

Ғалымдар мезгілсіз өлімнің белгілерін атады

  • Ғалымдар мезгілсіз өлімнің белгілерін атады

    Ғалымдар мезгілсіз өлімнің белгілерін атады

Ғалымдар қарынға жиналған майдың қаупін анықтау мақсатында 70-тен астам ғылыми жұмысты қарап шыққан
Адамның дене салмағы нормаға сай болып тұрса да, қарынға жиналған май мезгілсіз өлімнің қаупін күшейтеді. Иран мен Канаданың ғалымдары осындай шешімге келді, деп хабарлады MedicalXpress порталы.

Ғалымдар тобы қарындағы майдың жиналуы мен сан алуан себептерден болған өлім-жітімнің арасындағы байланысты зерделеп, осы мәселе бойынша 70-тен астам ғылыми жұмысты қарап шықты.

"2,5 миллион еріктінің денсаулығына қатысты мәлімет жан-жақты зерттелді. Осы кезде мамандар бел мен санның көлеміне, екеуінің ара қатынасына, денедегі майдың мөлшеріне және тағы басқа көрсеткіштерге баса назар аударған", &ndash делінген ақпаратта. 
Зерттеудің нәтижесінде ғалымдар маңызды бір шешімге келді. Оған сәйкес, қарында май қыртыстары бар пациенттердің ерте қайтыс болу көрсеткіші жоғары.

Мәселен, белдегі майдың көлемі 10 сантиметрге артқан сайын мезгілсіз өлімнің қаупі 11 процентке көтеріледі. Ал белдің санмен немесе боймен ара салмағы 0,1-ке (интернетте арнайы калькулятор бар &ndash Sputnik) көбейсе, ерте қайтыс болу көрсеткіші 20 процентке ұлғаяды.

"Демек, қарындағы майдың жиналуына қарап, мезгілсіз өлімнің қаупін анықтауға болады", &ndash дейді ғалымдар.

 




Көрілген: 444    Пікірлер: 0

жұма, 25.09.2020, 13:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31