Шартарап

Ғалымдар пластиктен «құтқаратын» бактерия ойлап тапты (видео)

  • http://islam.kz/

    http://islam.kz/

Пластик қоршаған ортаға тигізер орасан зор зиянымен бүгінгі таңда әлем елдерінің бас ауруына айналған мәселелердің бірі. Пластиктің экологияға төндіріп отырған қауіп-қатерін ескерген әлемнің бірқатар елі палстикті пайдалануға тыйым салып жатыр.


Соған қарамастан адамзатты пластикті пайдаланудан біржола тыйып тастау мүмкін емес. Өйткені, күнделікті қажетке жарайтындығымен ыңғайлы. ГМО-бактерия қоршаған ортаны ластану проблемасын шешіп бере алады.


Біз сөз етіп отырған аталмыш бактерия пластикті ірітіп жібере алады. Тау-төбе пластик қоқысты залалсыздандыратын бактерияны Миранде Вэнг және Джинни Яо есімді жас ғалымдар ойлап тапты.



Олардың ойлап тапқан бактериясы пластикті кәдімгі полимер мен көмірқышқыл газына айналдыра алады. Осы жаңалығы үшін олар Перлман сыйлығының ең жас иегері атанды. Миранде Вэнг пен Джинни Яоға аталмыш бактерияны жасауы үшін 400 мың доллар қаржы бөлінді. Олар бактерияны өнеркәсіпте қолдануға дайын кезеңге жетті. Қазіргі уақытта олар өздері ойлап тапқан бактерияның пластикті өңдеу жылдамдығын арттыру, пластиктің биологиялық ыдырауын тездету бағытында тер төгіп жүр. Ғалымдар аталмыш бактерияны әлемдік мұхитты пластиктен тазартуда пайдалануды көздеп отыр. Яғни, пластик жинайтын қалқымалы реакторда. Жиналған пластик агрегаттың ішкі сыйымдылығында өңделетін болады. Пластикті өңдеудің кезеңі 24 сағатқа созылады, яғни, бір тәулік ішінде одан тек су мен көмірқышқыл газы ғана қалады. Ал ыдыраған полимерді бактерия жейді немесе пластикті қайта жасауда пайдаланылады. Бұдан бөлек, бұл технологияны киім-кешекке арналған шикізат ретінде пайдалануға болады.




 




Көрілген: 463    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.09.2019, 12:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30