Шартарап

Гаражынан құны 130 мың долларлық шәйнек тауып алды (фото)

  • https://ru.oxu.az/

    https://ru.oxu.az/

Ұлыбритания тұрғыны гаражындағы қоқыстарды жинап жүріп, құны 130 мың долларлық шәйнек тауып алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 

51 жастағы Ұлыбритания тұрғыны карантин кезінде үйінің қасындағы гаражды тазалауды ұйғарады. Ескі қоқыстың арасынан табылған құнды шәйнек ер адамның анасына тиесілі екен. Марқұм анасының шәйнегі қорап ішінде тоғыз жыл бойы шаң болып жатқан.

 

The Mirror басылымының ақпаратына сәйкес, Дербишир графствосында тұратын азамат шәйнектің қымбат тұратынын білмей, оны қайырымдылық дүкеніне өткізе салмақ болған. Кейін сараптамалық бағалау жасатқан ол, фарфор ыдыстың бағасын естіп, шалқасынан түсе жаздаған.

 

 

Бұл қымбат шәйнек шайға емес, шарапқа арналған екен. Кезінде қытай императоры Цяньлунның өзіне тиесілі болған шәйнек сол заманда тек сыйлы қонақтардың дастарханына қойылып келіпті.

 

Осы шәйнекке ұқсас екі шәйнек Бейжіңнің ұлттық мұражайында және Тыйым салынған қалада сақталған екен.

 

Ер адам шәйнек отбасында бұрыннан пайдаланылып келгенін алға тартты. Оны кезінде ер адамның атасы Қытайдан алып келген екен.

 

Аукционда XVIII ғасырға тиесілі бұл ыдыс үшін 130 мың долларға дейін қаражат табуға болады. Ыдысты Hansons Auctioneers атты аукционда ел назарына ұсынбақ.

 




Көрілген: 552    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.09.2020, 01:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31