Шартарап

Гарри ханзада мен әйелі британ патша отбасындағы ресми міндетінен бас тартты

  • https://www.azattyq.org/

    https://www.azattyq.org/

Британ ханзадасы Гарри мен жұбайы Меган Маркл король отбасының мүшесі міндетін атқаруын доғарады. Бұл туралы Букингем сарайы (Ұлыбритания королінің ресми резиденциясы) хабарлады.

 

Сассекс герцогы мен герцогинясы деген мәртебелі дәрежеге ие Гарри ханзада мен әйелі осындай ұйғарымға келгенін Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаға өздері айтқан.

 

Гарри енді құрметті әскери атақ-дәреженің барлығынан айырылады. Ерлі-зайыпты екеуі осыған дейін патша отбасының атынан қамқоршы міндетін атқарып келген қайырымдылық қорларындағы жұмысын да доғарады. Ол екеуінің осы міндеттерін патшайым II Елизавета король отбасының басқа мүшелеріне тапсырады.

 

"Екеуінің ұйғарымы баршаны қапаландарғанымен герцог пен герцогиня король отбасының сүйікті мүшелері болып қалады" деп хабарлады Букингем сарайы.

 

Гарри ханзада мен Меган Ұлыбританияға адал болып қалатынын және ресми шарттарға қарамастан, өздері қамқорлық танытқан ұйымдарға алдағы уақытта да қолдау білдіретінін мәлімдеген.

 

Былтыр қаңтарда Гарри ханзада мен Меган Маркл король отбасы мүшесі деген ресми атақ-дәреже мен британ патша тағына мұрагерліктен бас тартатынын мәлімдеген. Олар түрлі ресми шараға король отбасы атынан қатысуды тоқтатты, мемлекеттен қаржы алмайтын болды. Бұдан кейін ерлі-зайыпты АҚШ-қа қоныс аударды. Олардың осы ұйғарымынан бас тартуына бір жыл уақыты болды, бірақ шешімін өзгертпеді.

 

Британ патшайымы II Елизаветаның баласы Уэльс ханзадасы Чарльздің кенже ұлы Гарри ханзада мен америкалық актриса Меган Маркл 2018 жылғы 19 мамырда үйленген. Тойдан кейін олар Сассекс герцогы мен герцогинясы деген мәртебелі дәрежеге ие болған. Меган Маркл бұған дейін де тұрмыста болған. Ол британ патшасы отбасына келін болып түскен алғашқы мулат әрі актриса. Гарри екеуі шаңырақ көтергеннен кейін бір жылдан соң дүниеге тұңғышы &ndash Арчи есімді ұл келді. Жақында ерлі-зайыпты тағы бір нәресте күтіп жүргенін хабарлаған.

 

 

azattyq.org




Көрілген: 611    Пікірлер: 0

сенбі, 20.02.2021, 22:14

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30