Шартарап

Ғарышқа ұшқан алғашқы туристер Жерге оралды

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Жер орбитасынан алғаш рет туристерді алып шыққан Crew Dragon ғарыш кемесі үш күндік сапарын аяқтады. Туристік экипаж жайғасқан капсула 18 қыркүйекте Атлант мұхитына келіп түсті.

 

Inspiration4 деп аталған экипаж НАСА-ның Кеннеди орталығынан 15 қыркүйекте ғарышқа ұшқан болатын. Сапар толығымен автоматтандырылған.

 

Азаттықтың қырғыз редакциясының мәліметіне қарағанда, бұған дейін миллиардерлер Ричард Брэнсон мен Жефф Безос өз компаниялары жасаған ғарыш кемесімен ғарышқа ұшқан болатын.

 

Inspiration4 экипажын миллиардер Жаред Айзекман қаржыландырды және ғарыштың барлық адамзат үшін ашыл болуы керектігін іс жүзінде көрсете білді.

 

Айзекман 38 жаста, тәжірибелі ұшқыш. SpaceX компаниясына ғарышқа ұшу үшін қанша қаржы төлегені белгісіз. Ал ғарышқа ұшқан төрт адамға келер болсақ, олар: геолог Сиан Проктор, АҚШ Қарулы күштерінің ардагері Крис Семброски және дәрігер Хейли Арсено. Миссияның башчысы Айзекман.

 

 

 

baq.kz

 




Көрілген: 349    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.09.2021, 00:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31