Шартарап

Ғарышқа ұшу билетінің құны 3,8 млн доллардан асты

  • Ғарышқа ұшу билетінің құны 3,8 млн доллардан асты

    Ғарышқа ұшу билетінің құны 3,8 млн доллардан асты

Бортында миллиардер Джефф Безос болатын Blue Origin компаниясының New Shepard ғарыш кемесімен ұшу билетінің құны ашық аукционда 3,8 миллион доллардан асты.

Amazon-ның негізін қалаушымен бір кемедегі орын үшін аукционға әлемнің 143 елінен 6 мың үміткер қатысты.

Blue Origin аэроғарыш компаниясы 2020 жылдың 20 шілдесінде болатын New Shepard-тың экипажбен алғашқы суборбиталды сапарындағы орын үшін өтініштерді қабылдайтынын хабарлады.

Өтініштер қабылдаудың тікелей трансляциясы компания сайтында жүргізілуде.

Аукционға қатысу үшін өтінішті қабылдау 10 маусым күні 17.00-де (шығыс-еуропалық уақыт бойынша) жабылады.

Аукцион жеңімпазы Безос және оның інісі Маркпен Батыс Техастағы Blue Origin ғарыш айлағында үш күндік дайындықтан өткеннен кейін ғарышқа ұшады.

Blue Origin ұйымдастырып отырған бұл сапар New Shepard ғарыш кемесінің бортында адамдардың алғашқы ұшуы болатынын атап өту керек.

New Shepard кемесі ішінде жолаушылар бар капсуланы орбитаға шығарады. Ол жерде адамдар салмақсыздық күйінде 10 минут болады, Жерден 104 километр биіктіктегі көріністі тамашалайды. Бір сапардың ұзақтығы 40 минутқа созылмақ.


BAQ.KZ




Көрілген: 384    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.06.2021, 09:18

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30